Қорқыт – терең зерттеуді қажет ететін тұлға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорқыт – терең зерттеуді қажет ететін тұлға

11.11.2022

Түбі бір түркі жұртына ортақ тұлға Қорқыт атаның өмірі мен шығармашылығы әлі де болса терең зерттелуі тиіс. Әсіресе, жас ғалымдар арасында академиялық тұрғыда талдануы маңызды. Ыстамбұл қаласында өткен халықаралық Қорқыт ата симпозиуымына қатысқан ғылымдар осындай пікірде.

Бүгінде Қорқыт атаға байланысты аңыз-әпсана көп. Тіпті кей ғалымдар Қорқыт шын өмірде болмаған, ол жиынтық образ деген де пікір айтып жүр. Сондықтан тарихи фактілер мен ғылыми негіздерге сүйене отырып қорқыттану ғылымын бір ізге түсірген жөн дейді мамандар. Ол үшін осындай халықаралық басқосулардың маңызы зор. Жиынға қатысқан қазақстандық ғалымдар Қорқыт атаның күйшілік өнері мен оның мазары Сыр бойында екендігі түркі халықтарының көбіне беймәлім екенін айтады.

Майнұр Әбілтайқызы, Қорқыт Ата Университетінің проректоры:

Ол кісі қобызды ойлап тапқан дейміз, әртүрлі аңыз дастандар бар, мифологиялық тұлға ретінде қаралады. Түркі тілдес елдерден келген ғалымдармен кімнің қандай зерттеулері бар, кім қалай түсінеді екен ол аңыздарды. Соны талдайтын боламыз әріптестермен.


Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу