Ақтөбеде кәсіпкер өз қаржысына ауылға көгілдір отын кіргізіп берді
Ақтөбе облысында кәсіпкер өз қаржысына ауылға көгілдір отын кіргізіп берді. Хромтау ауданына қарасты Ақтасты елді мекенінің тұрғындары осылайша көптен күткен қуанышқа кенелді.
Шағын ауылдағы ағайынның алғысына бөленген жеке кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысады. Ақтастыға көшіп келгелі осы елдің жағдайын түзеуді қолға алған. Бұл жолы 4 шақырымдағы орталық желіден газ тартып берді. Көгілдір отынды үйлерге дейін кіргізіп беруге де өз қаражатын жұмсады.
Ауылда бұрын мектеп те, балабақша да болмаған. Тұрғындар енді әкімдік бұл мәселенің де шешілуіне қол ұшын созады деп сеніп отыр. Олар бәрінен бұрын қыруар қаржыға тонналап көмір сатып алып, от жағудың бейнетінен құтылғандарына разы.
Дина Андақұлова, ауыл тұрғыны:
5 тонна алып, машина жалдап алып келеді. Сосын көмірдің қасына ағаш керек, қи керек. Газ қосқанда уақыт болады, жылы болады. Биыл ешкім көмір алған жоқ, газ қосамыз деп. Ағаш та алған жоқ. Бәрі қуанып жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодарда да мемлекеттік марапатты табыстады
23.10.2026, 17:07
Ұлттық мерекені аймақтарда сән-салтанатпен тойлауда
23.10.2026, 17:05
Ең үлкен көк байрақтың салмағы 100 кг
23.10.2026, 17:03
БАҚ және мәдениет саласының үздіктерін марапаттады
23.10.2026, 17:01
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08