Алматыда қоғамдық көлік қозғалысы реттеледі
Алматыда қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол апаттарының жиілеуіне байланысты автобус қозғалысы ретке келтіріледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездескенде айтты.
Мәселен, келер жылы аялдамаларға бірдей стандартқа келтірілген екі мың ақпараттық экран орнатылады. Атауы жазылып, автобустардың жүретін бағыты көрсетіледі.
Ерболат Досаев, қала әкімі:
Таблоларды 2023 жылдан бастап қоямыз. «Оңай» транспорттық холдингімен қосылып, автобустардың жүру кестесін, нөмірлерін таблоға енгіземіз. Бюджеттен ақша дайындап қойдық.
Шаһар басшысы «Қайрат» футбол клубына қатысты да айтты. Клубтың жекеменшіктен қала балансына өтетінін нақтылады. Бұған дейін азаматтар әкімнен «Қайрат» футбол клубына көмек көрсетуді сұраған еді. Себебі команданың жақсы ойыншылары жалақысы төмен болғандықтан, басқа клубтарға ауысып кеткен.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06