Елімізде алқабилер институтының рөлі артады
Келер жылдан бастап, алқабилер қатысатын соттың қарауына қылмыстық құқық бұзушылықтардың 35 құрамын жатқызу туралы ережелер қолданысқа енгізіледі. Бүгін Мәжілісте тиісті заң жобасы қаралды. Алқабилердің сот процестеріне қатыстыру тәжірибесі елімізде 15 жылдан бері қолданылып келеді. Шешім қабылдау қиын қылмыстық істерде алқа билердің атқарар рөлі зор. Депутаттар мұндай істер қоғамның талқысына түсуі үшін сот залынан тікелей трансляция беруді ұйымдастыру қажет, дейді. Заң жобасында аса ауыр қылмыстар бойынша ғана емес, алқабилердің соттылығына жататын қылмыстардың басқа да санаттары бар. Бұл норма 2024 жылы қолданысқа енеді.
Әбдірашид Жүкенов, ҚР Жоғарғы соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:
Алқабилер соты қылмыстық процестің негізгі қағижаттарын, тараптардың тіимділігін, кінәсіздік резунциясын және басқа да қағидаттарды бекітетін маңызды оң рөлін атқарады. Қазір алқабилер қараған істер бойынша 10 пайызына дейін ақтау үкімін шығарады. Ал жалпы соттарда бұл көрсеткіш 1,5-2 пайызды құрайды.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – азаматтардың денсаулығы мен өмірінің кепілі
04.10.2026, 19:50
Astana AI Film Festival: Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясын жеңіп алды
04.10.2026, 12:25
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02