Қарағандыда көктайғақ салдарынан соңғы бір тәулікте 50 жол апаты болды
Көктайғақ салдарынан Қарағандыда соңғы бір тәулікте 50 жол апаты болды. Салдарынан 17 адам жарақат алған. Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінің маңында студентті көлік қағып кетті. Ол түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен.
Қалааралық жолдарда да көктайғақтан зардап шеккендер бар. «Қарағанды-Қарқаралы» аралығында 2 жол апаты тіркелді. Өкінішке қарай жарақат алған 61 жастағы жолаушы ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ 62 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Бақытжан Құдияров, Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
Сондай-ақ «Қарағанды-Қарқаралы» тас жолында араға 8 сағат салып 2 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тапты. Ауа-райының өзгеруіне байланысты, жылдамдықты шектен тыс асырмай, қарапайым жол жүру ережелерін сақтауға шақырамыз.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24