Қарағандыдағы апат болған Ленин шахтасында жұмыс тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы апат болған Ленин шахтасында жұмыс тоқтады

08.11.2022

Қарағандыдағы апат болған Ленин шахтасында жұмыс тоқтады. Енді «АрелорМитталТеміртау» компаниясына қарасты шахталар түгел тексеріліп, жұмыс барысындағы кедергілер мен тәуекелдерді жоюға назар аударылады.

Бұл туралы компания басшылары мәлімдеді. Өндіріс ошақтарында қауіпсіздікті арттыру мен техникалық жабдықтарды жаңғыртуға 1 миилиард доллар қаражат бөлінген. Кеніштерді метаннан тазартып отыруға басымдық беріледі. Алайда апат жиілеп кетті. Соңғы жағдайға байланысты тергеу жалғасып жатыр. Істің ашықтығын қамтамасыз ету үшін шетелдік тәуелсіз сарапшылар тартылған.

Ал қайтыс болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Марқұмдардың он жылдық еңбек ақысы мен жанұясына пәтер беріледі. Студент, оқушы балаларының шығыны өтеліп, отбасы мүшелеріне компанияға қарасты шипажайларға тегін жолдама қарастырылған.

Сағдат Қуаныш, «АрселорМитталТеміртау» АҚ еңбек қатынастары жөніндегі директоры:

Зардап шеккендерге өзіміздің ішкі бұйрйғымызға байланысты осы уақытта өз қалпына келгенше 100 пайыз еңбекақысын сақтаймыз, оның сыртында бүкіл емшара біздің мойнымызда. Одан кейін жаңағы арнайы медициналық комиссияның шешіміне сәйкес ол кісілердің еңбекке жарамды, жарамсыздығы белгіленгеннен кейін ары қарай шаралар қолданылатын болады. Және де бір реттік жәрдемақы көмегі бар.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу