Израильде өткен парламенттік сайлауда Биньямин Нетаньяху жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде өткен парламенттік сайлауда Биньямин Нетаньяху жеңіске жетті

04.11.2022

Израильде өткен парламенттік сайлауда үкіметті бұған дейін екі мәрте басқарған Биньямин Нетаньяху жеңіске жетті. Қазіргі премьер Яир Лапид оны жеңісімен құттықтады.

Нетаньяхудың «Ликуд» партиясы кнессеттегі 120 мандаттың 64-ін иеленіп, әсіре ұлтшыл және діни партиялардың қолдауымен басымдыққа қол жеткізді. Саясаткер өз жақтастары алдында сөз сөйлеп, болашақ үкімет Израильдің барлық азаматына қамқор болатынын мәлімдеді.

Ал министрлер кабинетін жасақтау үшін Нетаньяху өзге партиялармен коалиция құруы тиіс. Оған бірнеше апта кетуі мүмкін. Айта кетейік, 2019 жылы саясаткер коррупция үшін айыпталды. Бұл іске қатысты сот процесі әлі аяқталған жоқ.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу