Нетаньяху жаңа үкімет құра алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нетаньяху жаңа үкімет құра алмады

22.10.2019

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жаңа үкімет құра алмай, мандатты тапсырды. Ол халыққа үндеген бейнежолдауында бұл мақсатта қолдан келгенін жасағанын, алайда ұсыныстарының қабылданбағанын айтты. 

Енді министрлер кабинетін қалыптастыру құқығы оның қарсыласы Бени Ганцке беріледі. Егер ол да бұл тапсырманы атқара алмаса, онда елде тағы да парламент сайлауы өтуі мүмкін. 

Биньямин Нетаньяху ел үкіметін 10 жылдай басқарып келді. Биыл оған жемқорлық туралы айыптар тағылған соң, саяси күші біршама әлсіреген. Сондықтан, қыркүйектегі сайлауда парламенттен көпшілік орынды алу үшін қажетті дауыстарды жинай алмады. Дегенмен, Нетаньяху Ганц жаңа үкімет құрса, оппозицияны басқарып, саясаттан кетпейтінін білдіріп отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу