Израильде сайлауда кім жеңгені белгісіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде сайлауда кім жеңгені белгісіз

18.09.2019

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху соңғы бес айда екінші рет өткен парламенттік сайлауда жеңді ме, жеңілді ме? Бұл сауал әлі жауапсыз қалып отыр. Үкімет басшысы дауыс беру аяқталғаннан кейін жақтастарының алдына шығып, не ұтқанын, не ұтылғанын жариялаламады. Бірақ, экзит-поллдың дерегінше, оның «Ликуд» партиясы парламенттегі 120 орынның 33-ін иеленген. 

Ал, бұрынғы әскер қолбасшысы Бенни Ганцтың «Көк пен ақ» партиясына 32-34 мандат бұйырды. Бұған дейін Израильде партламенттік сайлау сәуірде өтіп, онда жеңген Нетаньяху коалициялық үкімет құра алмады. Сондықтан, израильдіктер кеше дауыс беруге қайта барды. 

Айта кетсек, Ганц та, Нетаньяху да Иордан өзенінің батыс жағалауындағы оккупацияланған территорияларды болашақ Палестина мемлекетіне беруге қарсы. Бақылаушылардың пікірінше, бұндай қатаң позиция Таяу Шығыста бес жыл бұрын тоқтап қалған бейбіт келіссөздерді қайта жандандыруға мүмкіндік бермей отыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу