Израильде өткен парламенттік сайлау нәтижесінде бұрынға премьер-министр жеңіске жетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде өткен парламенттік сайлау нәтижесінде бұрынға премьер-министр жеңіске жетуі мүмкін

02.11.2022

Израильде өткен парламенттік сайлау нәтижесі бойынша экс-премьер Биньямин Нетаньяху алда келеді. Мұны экзит-полл мәлімдеді.

Оған жүгінсек 73 жастағы Нетаньяху жетекшілік ететін төрт партиялық блок парламенттегі 120 орынның 62-сін иеленуі мүмкін. Ал ресми қорытынды апта соңында жарияланады.

Нетаньяху осыған дейін Израиль үкіметін 12 жыл басқарып, былтыр жеңіліске ұшырап, биліктен кеткен. Нетаньяху халықаралық заңдарға қайшы келсе де 1967 жылы Израиль басып алған Батыс жағалауда еврейлер үшін қоныс салуды қолдап келеді.

Сонымен қатар ол Батыс жағалау мен Газа секторында Палестина мемлекетін құруға қарсы. Алайда әлем елдерінің көпшілігі мен АҚШ мұндай саяси позиция Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға кедергі деп есептейді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу