Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху парламент сайлауында жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху парламент сайлауында жеңіске жетті

10.04.2019

Оның «Ликуд» партиясы Кнесеттегі 40 орынды иеленді. Бұл 2015 жылғы сайлауға қарағанда 10 орынға артық. Ал, оның басты қарсыласы Бени Ганцтың «Кахоль-Лаван» партиясы 35 орынға қол жеткізген. Осылайша Нетаньяху үкіметті бесінші мәрте басқармақ. Премьер-министр коалиция бойынша одақтастармен келіссөздерді бастап кеткенін айтты. Дегенмен, Израильдің бас прокуратурасы оған қарсы жемқорлықтың 3 оқиғасы бойынша іс қозғайтынын мәлімдеген. Алайда, Нетаньяху кінәні мойындамай, айыптардың барлығын жоққа шығарып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу