Елімізде кезекте тұрған азаматтарға бастапқы жарнасыз баспана беріледі
Жалға берілетін тұрғын үйді сатып алудың жаңа шарттары белгілі болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, кезекте тұрған азаматтар үшін баспана бастапқы жарнасыз беріледі. Пәтер жалдау ақысы 3,1 пайыздан аспайды. Демек айына 70-80 мың теңге шамасында. Жалдамалы үйді 20 жыл ішінде сатып алуға болады. Қазақстан тұрғын үй компаниясы алдағы уақытта тағы баспана сатып алуды жоспарлап отыр. Бағдарламаға үй алуға кезекте тұрған әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар қатыса алады. Бүгінге дейін 35 мыңнан аса өтініш қабылданған. Оның 8400-і мақұлданды.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда дропперлер қолға түсті
08.09.2026, 17:00
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15
Эйфель мұнарасын уақытша жапты
08.09.2026, 13:12
Ресейге баратын қазақстандықтарға қатаң талап қойылды
08.09.2026, 13:06
«Жібек жолы» кеден бекеті қазанда ашылады
08.09.2026, 13:03