Әлеуметтік көмек: 18 жасқа толған балалар қоғамдық көлікпен тегін жүрмек
Бұдан былай әлеуметтік осал топтағы 18 жасқа толған балалар да қоғамдық көлікпен тегін жүруі мүмкін. Енді олардың да көлік картасы мемлекет есебінен толтырылады. Астанада автобустарда тегін жол жүруге құқығы бар тұрғындар тізімі өзгерді. Мәслихат шешімінің жобасына сәйкес, бұл тек жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын білім мекемелерінің күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге қатысты. Жеңілдікті ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар балалар мен табысы бір адамға шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасы балалары алады. Бұған дейін тек кәмелет жасқа толмаған балалар ғана қоғамдық көлікпен тегін жүрді.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда дропперлер қолға түсті
08.09.2026, 17:00
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15
Эйфель мұнарасын уақытша жапты
08.09.2026, 13:12
Ресейге баратын қазақстандықтарға қатаң талап қойылды
08.09.2026, 13:06
«Жібек жолы» кеден бекеті қазанда ашылады
08.09.2026, 13:03