Мейрам Қажыкеннің Ұлытау облысындағы үгіт-насихат жұмысы жалғасып жатыр
Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің Ұлытау облысындағы штаб жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазіргі таңда кандидаттың үгіт парақшалары таратылып, халыққа сайлауалды тұғырнама түсіндіріліп жатыр. Облыстың барлық қалаларындағы орталық көшелерде билбордтар мен плакаттар ілінген. Өңірдегі қоғамдық кеңседе 12 қызметкермен қоса, 15 волонтер жұмыс істейді. Штаб басшысы «Ұлытау– өндірісті өңір болғандықтан мұнда кәсіподақ бірлестіктері де көп», - дейді. Сондықтан кездесулер, әсіресе алып компаниялар мен зауыттарда жүргізіліп жатыр. Десе де, үгіт-насихат науқанының соңына дейін өңірдегі барлық жұмыс ұжымдарымен жиын өткізу жоспарланған.
Берік Жағыпаров, облыстық штаб басшысы:
Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Негізі Жезқазған, Ұлытау аймағы көп өндіріс алпауыттарынан тұрады. Жұмыскерлер көп бізде. Біздің мақсатымыз – әр ұжымға барып, әр адамға жеткізіп, өзіміздің программамызды, үміткердің программасын көрсетіп, түсіндіру. Көп насихат жүргіземіз. Еңбек ұжымдарымен кездесеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qurban.muftyat.kz сайты іске қосылды
14.05.2026, 13:27
Жетісу облысында 4 шақырым жерді тазалады
14.05.2026, 13:21
АҚШ-тың блокадасынан Кубада отын таусылды
14.05.2026, 13:18
Трамп пен Си Цзиньпин арасында келіссөздер өтіп жатыр
14.05.2026, 13:15
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
14.05.2026, 13:12
Жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2 есе артты
14.05.2026, 13:09
Сенат жаңа ордендерді мақұлдады
14.05.2026, 13:06
Түркі өркениетіне ортақ тұлғаларды насихаттау аса маңызды
14.05.2026, 13:03