Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің республикалық сайлауалды штабы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің республикалық сайлауалды штабы ашылды

21.10.2022

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің республикалық сайлауалды штабы ашылды. Алғашқы жиында кандидат келген қонақтарға сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Тиісінше үгіт-насихат жұмыстарын талқылап, жоспарларды нақтылады. Байқаушылар мәселесіне байланысты да ұсыныстар тыңдалды. Қазіргі таңда республика бойынша 148-ге жуық сенімді өкіл мен штаб мүшесі тіркелген. Олардың қатарында өндіріс, кәсіподақ өкілдері, кандидаттың ғылыми серіктестері де бар. Алғашқы үгіт-насихат жұмысын кандтидат өзінің туған жері - Павлодар облысынан бастамақ. Мейрам Зекешұлы «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан ел президенттігіне кандидат ретінде тіркелген.

Абул Кекілбаев, Республикалық штаб басшысы:
14 аймақта штабтар ашылды. Оның ішінде Алматы, Шымкент, Павлодар. Басқа да қалалар өз жұмысы туралы баяндап берді. Штаб ішінде тұрақты 20 шақты адам жұмысқа алынды. Бүгінгі кезде түгелімен бәрі дайын. Штаб өз жұмысын бастады.


Хабарламаларға жазылу