Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен қостанайлық жұмыскерлермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен қостанайлық жұмыскерлермен кездесті

29.10.2022

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкеннің Қостанай облысындағы сапары жалғасуда. Кандидат үгіт насихат жұмыстары аясында Рудный қаласына барды.

Алғашында Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне аялдап, кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Содан соң «Заречное» ауылшаруашылық тәжірибе станциясында болды. Бұл станция репродуктивті тұқым өндірумен, сондай-ақ асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Кандидат сондағы жұмыскерлерге сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Еңбек адамдары да өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сұхбат әсіресе ауыл шаруашылығы және ғылым бағытында өрбіді. Шара соңында станция жұмысшылары шағын концерт ұйымдастырды. Мейрам Қажыкенге еңбек адамдарының символы ретінде каска берді. Осымен бұл – кандидаттың өзіне сенім білдірген азаматтардан алған үшінші каскасы.

Мейрам Қажыкен, Президенттікке кандидат:

Олар маған бергенде ниет етіп берді. Каскаға ол кісілер өздерінің ұсыныс тілектерін жазып береді. Ол маған үлкен жауапкершілік. Маған және менің штабымның жұмыс істеуіне жақсы септігін тигізеді.


Хабарламаларға жазылу