Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмысы Ұлытау облысында жалғасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмысы Ұлытау облысында жалғасты

26.10.2022

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмысы Ұлытау облысында жалғасты. Бүгін ол Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген энергетик Яхия Асатовтың шаңырағына барды. Мейрам Зекешұлы кездесу барысында сайлауалды бағдарламасын айтып, пікір алмасты. Сексеннен асқан қария қазіргі таңда жазу үстеліне отырғанын айтады. Жазған өлеңдерімен де таныстырды. Сондай-ақ еңбек жолынан сыр шертіп, жетістігін бөлісті. Кездесу соңында келген қонақтарға батасын берді.

Яхия Асатов, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі:

Мыналарды алу үшін еңбектену керек. Адал еңбек - асыл ой. Арта берсін құрмет пен сый, абырой, деп мен айтамын өзім. Егер адал еңбек болса... Сосын асыл ой. Әр адамның ойы болады ғой. Солай болу керек.


Хабарламаларға жазылу