Мейрам Қажыкен кеншілермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрам Қажыкен кеншілермен кездесті

26.10.2022

Президенттікке Кандидат Мейрам Қажыкеннің Ұлытау облысындағы үгіт-насихат науқаны жалғасуда. Бүгін ол «Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғанцветмет» өндірістік бірлестігінің кеншілерімен кездесті.

Мейрам Зекешұлы алдымен өндірістің асханасында болып, жұмысшылардың ас мәзірімен танысты. Содан соң, медициналық тексеруден өтіп, Анненский кенішінің шахтасына түсті. Бірінші горизонт +170 су ағызу учаскесінде болды.

Берік Бектасов, Учаске басшысының орынбасары:
Біз қазір 250 м тереңдікте тұрмыз. Бұл жер су айдау уческесі. Суларды жоғары қарай айдаймыз. Бұл жерде 92 адам жұмыс істейді.

Одан кейін Горизонт -90 деңгейіне тау-кен механизмдерін жөндеу пунктіне түсті. Бұл шамамен 350 м тереңдік.

Кандидат кеншілерге сайлауалды бағдарламасын қысқаша таныстырды. Еңбек адамдарының ұсыныстарын да тыңдады. Бұл кәсіпорын елдегі ірі өндірістік бірлестіктердің бірі. Кеннің жалпы тереңдігі шамамен 900 метр.


Хабарламаларға жазылу