Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығына арналған концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығына арналған концерт өтті

04.12.2017

Қазақ әуенін әлемге танытқан дарабоз сазгер. Астанада көрнекті композитор Ғазиза Жұбанованың 90 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті. Кеште көпшілікке танымал өнерпаздар отандасымыздың шығармасын орындады. Сонымен қатар, композитордың атақты, № 1 ре минор ішекті аспаптар квартеті және әлемдік классика жауһарлары шырқалды. Кештегі Шуман, Бородин, Дворжак сынды шетелдік композиторлардың романтикалық сарындағы туындылары да көрерменді тәнті етті. Біртуар тұлғаның мерейтойлық концертінің дирижері болған – халықаралық байқаулардың лауреаты Асқар Дүйсенбаев.

Асқар Дүйсенбаев, Мемлекеттік «Академия солистері» оркестрінің концертмейстері:

- Карина Измайлова фортепьянода ойнайды және ол Ғазиза апамыздың немересі болып келеді. Сондықтан, өмір жалғасы ғана емес, музыкалық жалғасы да осы балаларында белгілі болып тұр.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу