«Астана Опера» театрында қазақ-француз музыканттарының кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театрында қазақ-француз музыканттарының кеші өтеді

23.01.2018

Француздық белгілі музыканттар қазақ композиторларының туындыларын орындайды. 26 қаңтар күні «Астана Опера» театрында «Париж-Астана» Дебюссиден Жұбановаға дейін» атты концерт өтеді. Классикалық жанрда әлемге танылған қос мемлекеттің дарынды өнерпаздары елорда тұрғындарына рухани кеш сыйламақ. Онда 18-20 ғасырда өмір сүрген композиторлардың шығармалары орындалады.  Франциялық музыканттар концертке дайындық барысында Ғазиза Жұбанованың шығармаларын ерекше ұнатқан. Енді олар қазақ композиторларының туындыларын өз репертуарларына қосып, кәрі құрлық сахналарында орындамақ. 

Готье Эррманн, француз музыканты:

- Кеште біз ең бірінші Ғазиза Жұбанованың шығармасын орындаймыз. Одан соң көрерменге Күмісбековтың туындысын ұсынамыз. Дайындық барысында бұл үндер мені қатты таңқалдырып, түрлі сезімге бөледі. 20 жылдық тәжірибем бар болса да, осы  шығармалар маған музыка әлемінің жаңа қырын ашқандай болды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу