Астанада Ғазиза Жұбанованың құрметіне концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ғазиза Жұбанованың құрметіне концерт өтті

09.11.2017

«Астана Опера» театрында әлемдік деңгейдегі композитордың туғанына 90 жыл толуына орай концерт өтті. Ғазиза Жұбанова – қазақстандық классикалық музыканың негізін қалап, кәсіби композиторлар мектебін дамытушы дара тұлға. Ол - Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, профессор.

Кеште дарынның дәстүрлі музыка элементтерін заманауи құралдармен жеткізетін ішекті аспаптар квартеті орындалды. Сондай-ақ, әлемдегі шоқтығы биік шығармалар ғана шырқалды. Себебі, Ғазиза Жұбанованың өзі де музыка әлеміне үлкен құбылыс әкелген еді. Ол театр және киноға арнап музыкалар жазды, халық әндерін өңдеді. Сөйтіп, қазақ сазын жалпыға танытқан жан. 

Бағдат Әбілханов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

 - Жұбанованың ішекті аспаптар квартеті романтикаға тұнып тұр. Заманауидан қарағанда көбірек жанға жылу сыйлайды. Өте сезімтал, тыңдаушы жеңіл қабылдайды. Сол себепті, бізде осы кеште романтикалық композиторлардың туындыларын орындауды жөн көрдік.  

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу