Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы Ұлытауда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы Ұлытауда болды

28.10.2022

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы Ұлытау облысындағы сайлаушылармен кездесті. Штаб өкілдері «ULYTAU NAN» серіктестігінде болып, еңбек ұжымына кандидаттың бизнесті дамыту және кәсіподақтарды қолдау жөніндегі сайлауалды бастамаларын түсіндірді. Одан кейін өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі «Kazakhmys Smelting» мыс балқыту зауытын аралап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өндірістегі еңбек құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады. Жезқазған қалалық Халықтар достығы мен мәдениеті үйіндегі жиынға 500-ге жуық адам қатысты. Олар кандидаттың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасымен танысты. Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов Ұлытау топырағы ұлт бірлігін бейнелейтін қасиетті мекен екенін атап өтті.

Ерлан Қошанов, Республикалық қоғамдық штабтың басшысы:
Ұлытау ұлтты ұйыстырған қасиетті мекен. Коалиция болып осы Ұлытауға келіп отырғанымыз да бірлікті көрсетеді. Егер біз бір болсақ барлық сын қатерлердің барлығын жеңеміз. Ал, ол үшін біз бір тудың астына жиналуымыз керек.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу