Сарапшы: Құрылтай мемлекетті басқарудағы халықтың рөлін күшейтеді
«Қазақстанның қос палаталы Парламенттен бір палаталы Құрылтай жүйесіне көшуі елдің бүгінгі ахуалы мен тарихи болмысына сай келеді». Қазақстанның Аризона штатындағы құрметті консулы Хью Холман осындай пікір білдірді. Сарапшы реформаның нәтижесі Конституциядағы талаптардың қалай жүзеге асатынына және Құрылтай депутаттарының ел мүддесін басшылыққа алуына байланысты екенін айтады. Сондай-ақ оның пікірінше, саяси жаңғыру Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін көтеріп, АҚШ-пен байланысын нығайтуға жол ашады.
Хью
Холман, ҚР-ның Аризона
штатындағы құрметті консулы:
Конституция мәселелерін зерттеуші ретінде айтарым, кез келген елдің Ата заңы оның қазіргі жағдайы мен ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек. Қазақстанның қос палаталы жүйеден бір палаталы Парламентке көшуі – қисынды шешім. Мысалы, АҚШ-та штаттардың мүддесін Сенат, ал бүкіл халықтың мүддесін Өкілдер палатасы қорғайды. Қазақстанның халқы мен тарихи ерекшеліктерін ескерсек, заң шығарушы органды екі палатаға бөлудің айқын қажеттілігі жоқ. Сондықтан Құрылтай түріндегі бір палаталы Парламент ел жағдайына сай келеді. Оның басты мәні – мемлекетті басқарудағы халықтың рөлін күшейту.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01