Басты Жаңалықтар Оралда кәсіпкерлер үш жаңа саябақ салып берді

Оралда кәсіпкерлер үш жаңа саябақ салып берді

Оралда бюджет қаражаты емес, кәсіпкерлер есебінен үш саябақ ашылды.

Бұрын қараусыз қалған аумақтар абаттандырылып, жарық берілді. Бұл кәсіпкерлердің «Қауіпсіз өңір» жобасына қосқан нақты үлесі. Өйткені жарық шамдары жоқ, тұрмыстық қалдық үйілген, қараңғы көше қуыстары қылмыстың өсуіне әсер етеді. Ал сол аумақтарға жаңа демалыс орнын салу тұрғындардың, әсіресе, балалардың алаңсыз демалуына үлкен сеп. Кәсіпкерлер шаһарда тағы 9 саябақ салуға ұсыныс берген.

Мұрат Байменов, қала әкімі:

Қуантарлық жағдай – қаламыздағы шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпкерлер өздері ниет білдіріп, бізге осындай ұсыныспен шығып жатыр. Өздеріңіз көргендей, Сырым Датұлы көшесінде 19 үйдің алды қараңғы болды. Ағаштар өсіп кеткен, жаңбыр жауса, балшық болды. Осы үйдің балаларына демалатын орын болған жоқ. Қазір компания бәрін жақсы етіп, керемет жасап берді.
Бөлісу