Елде автосақтандыру жүйесі өзгереді
Елде міндетті автосақтандыру жүйесі өзгереді. Бұл - 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасының жобасында ұсынылған негізгі өзгерістердің бірі. Сақтандыру компаниялары жүргізушінің жол апатына түсу тарихын, ереже бұзуын, көлік жүргізу өтілі мен жасын, сондай-ақ көліктің сипаттамаларын ескеретін скоринг жүйесін қолдана алады. Алғашқы кезеңде скорингтің полис бағасына әсері қолданыстағы тарифтен 20 пайызға ауытқуы мүмкін. Бұған қоса, сақтандыру төлемдерін есептеуді біріздендіретін бірыңғай анықтамалық енгізу жоспарланған. Бағдарлама әзірге жоба түрінде ұсынылған.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04