Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Павлодар облысына ат басын бұрды
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Павлодар облысына ат басын бұрды. Екібастұз қалалық ауруханасы жанындағы перзентханада жас аналармен және медицина қызметкерлерімен кездесті.
Перзентхана өткен ғасырдың 80-жылдары салынған. Қазір мұнда аурухананы қосқанда 500-ден астам адам еңбек етеді. Жыл басынан 1 739 сәби дүниеге келген. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Мекеме қызметкерлерімен кездесуде Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, дәрігерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сауалдарына жауап берді. Екібастұзда облыстық штабқа қарасты кандидаттың сенімді өкілдері сайлаушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Кандидат ертең облыс орталығы Павлодар қаласына барады.
Анар Айдарханова, кандидаттың Екібастұз қаласы бойынша сенімді өкілі:
Облыстық штаб Павлодар қаласында орналасқан. Екібастұзда 3 сенімді өкіл бар. 10 волонтер жұмысқа алынды. Ақпарат құралдарымызды таратуды бастадық. Кесте бойынша жұмыс жасап жатырмыз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тунистегі шеру тәртіпісіздікке ұласты
25.08.2026, 13:12
Электросамокатпен жаяужолмен жүруге тыйым салынды
25.08.2026, 13:09
Автономды қазандықтар жылыту маусымына 98% дайын
25.08.2026, 13:06
Сарапшы: Құрылтай мемлекетті басқарудағы халықтың рөлін күшейтеді
25.08.2026, 13:03
Құрылтай сайлауының қорытынды нәтижесі жарияланды
25.08.2026, 13:00
Гуманоид робот жүгіруден Усейн Болттың рекордын жаңартты
25.08.2026, 10:09
Оралда кәсіпкерлер үш жаңа саябақ салып берді
25.08.2026, 10:07
Елде автосақтандыру жүйесі өзгереді
25.08.2026, 10:06