Түркістан облысының үш ауданында аулалар мен қораларды су басты
Түркістан облысының үш ауданында бес сағат бойы толассыз жауған жауын-шашын жұртты әбігерге салды. Салдарынан тұрғын үйлердің аулалары мен қораларды су басып қалды. Ал Қазығұрт ауданында екі жасар бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалып, өз үйінің ауласында жаңбыр суы толған шұңқырға құлап кеткен. Суға тұншығып қалған баланы құтқару мүмкін болмады. Сарыағаш пен Бәйдібек аудандарында 21 ауланы су басып, 13 уақ мал суға кеткен. Аймақта түннен бері тұрғын үйлер мен қораларды судан тазарту үшін төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды.
Талғат Досалиев, Түркістан облыстық ТЖД басқарма бастығы:
Түнімен жауған жауын салдарынан Сарыағаш, Бәйдібек, Қазығұрт аудандарында тұрғын үйлердің аулаларына су кіру жағдайлары орын алды. Жалпы осы су сору жұмыстарына департамент және жергілікті атқарушы органдармен тиісті су қашырту жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда толық су қашырту жұмыстары аяқталды.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09