Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2,2 трлн теңге бағытталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2,2 трлн теңге бағытталады

19.10.2022

Келер жылдың республикалық бюджетіне Ұлттық қордан 2,2 трлн теңге бағытталады. Бүгін Мәжілісте алдағы 3 жылға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы мақұлданды. Экономика министрі Әлібек Қуантыров ұлттық қордағы қаржы мұнымен кеміп кетпейді деп сендірді. Оның айтуынша, алынған қаржы мұнайдан түсетін тікелей салықтардың көлемінен аспайды. Ал келер жылы мұнай бағасы барреліне 48,9 АҚШ доллар болады деп болжанып отыр. Депутаттар бюджеттің шығысын 1,7 трлн теңгеге көбейтуді ұсынды. Қаржының негізгі бөлігі: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, тұрғын үй коммуналды шаруашылығына бағытталмақ. Бұдан бөлек, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру үшін әрі Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізуге 220 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлуді ұсынды.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
Ендігі жылы «Самұрық-Қазына» қорынан 560 миллиард халықтың жағдайын жақсартуға жұмсалады. Бұл дегеніміз биылғы жұмсалып жатқан қаражатпен салыстырғанда 1,8 есе артық соманы құрайды.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу