Украинаның күллі аумағында әуе дабылы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның күллі аумағында әуе дабылы іске қосылды

18.10.2022

Украинаның күллі аумағында әуе дабылы іске қосылды. Ресей күштері елдің энергетикалық инфрақұрылымдарына соққы берген. Жарылыс жаңғырығы естілді. Днепр өзені маңындағы жылу электр станциясы жақтан түтін шығып жатыр. Зымыран соққысынан кейін Киевтің сол жағалауы, Житомир мен Днепр қалалары электр жарығынсыз, сусыз қалған.

Президент Зеленскийдің сөзінше, қазанның 10-ынан бергі шабуылдардан елдегі электр станцияларының 30 пайызы қираған. «Путин режимімен келіссөз жүргізуге мүмкіндік қалмады»  деп мәлімдеді Украина басшысы. Бұған қоса Зеленскийдің сөзінше, дүйсенбіде Ресей Киевке ирандық Шахед -136 дрондарымен соққы берген. Ал Кремль болса Украинға қарсы жойқын шабуылдарға ирандық дрондар қолданылғаны не қолданылмағаны туралы ақпарат жоқ деп мәлімдеді.     

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу