Шымкент қаласының 137 аумағында әуе дабылы соғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласының 137 аумағында әуе дабылы соғылды

12.05.2023

Шаһардың 137 аумағында әуе дабылы соғылды. Сондай-ақ радио, телеарна байланысы мен әлеуметтік желілер арқылы жұртшылыққа жылдам хабаралама жіберілді. 7 балдық жер сілкінісінің эпицентрі Нұртас шағын ауданына төтенше жағдай, құтқару, коммуналдық саладағы 21 мекеменің мамандары жұмылдырылды.

Жәнібек Кәрімбаев, қалалық Төтенше жағдай қызметі департаменті басшысының орынбасары:

Қалада 123 эвокуациялық жинау пункті бар. Ол бекеттердің негізгі қызметі осындай жағдай туындаған кезде халықты жинап, тіркеп, халықты қауіпсіз жерге жеткізу.

Шымкент қаласының сейсмикалық картасы соңғы рет 2001 жылы жасалған. Бүгінгі таңда шаһарда мемлекеттік және әлеуметтік мекемелерді қоспағанда 1 мың 700-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар. Мамандардың айтуынша, соңғы 10 жылда тұрғызылған баспаналар 6-7 балдық жер сілкінісіне шыдас береді. Енді Кеңес одағы кезінде тұрғызылған көпқабатты ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізу керек. Мегаполистегі биік үйлердің 60 пайызы сол кезеңде тұрғызылған.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу