Украинаның барлық аумағында бүгін әуе дабылы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның барлық аумағында бүгін әуе дабылы іске қосылды

18.10.2022

Украинаның барлық аумағында бүгін әуе дабылы іске қосылды. Ресей күштері елдің энергетикалық инфрақұрылымдарына соққы берген. Жарылыс жаңғырығы естілді. Днепр өзені маңындағы жылу электр станциясы жақтан түтін шығып жатыр. Зымыран соққысынан кейін Киевтің сол жағалауы, Житомир мен Днепр қалалары жарықсыз, сусыз қалған. Президент Зеленскийдің сөзінше, оныншы қазаннан бергі шабуылдардан елдегі электр станцияларының 30 пайызы қираған. Украина басшысы "Путин режимімен келіссөз жүргізуге мүмкіндік қалмады" деп мәлімдеді. Зеленскийдің сөзінше, дүйсенбіде Ресей Киевке ирандық Шахед -136 дрондарымен соққы берген. Ал Кремль болса, Украинға қарсы жойқын шабуылдарға ирандық дрондар қолданылғаны туралы ақпарат жоқ деп мәлімдеді.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу