Түркістан облысында 168 адам астан уланып, ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 168 адам астан уланып, ауруханаға түсті

11.10.2022

Түркістан облысында 168 адам астан уланып, ауруханаға түсті. Олар 6-9 қазан аралығында Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінен суши, пицца, фри және тауық етін сатып алған. Инфекцияның нақты қандай тағамнан шыққаны әзірге белгісіз. Барлық тағамнан зертханалық сынамалар алынды. Ал қоғамдық тамақтану орны уақытша жабылды. Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуды бастады. Кентау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен полиция бөлімі аталған нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Кәсіпкердің қажетті санитарлық құжаттары мен аспаздардың медициналық тексеруден өткені туралы анықтамалары жоқ болып шыққан. Тамыз айында дәл осы дәмхандан фаст-фуд тағамдарын жеген 8 адам астан уланып, ауруханаға түскен болатын.

Алтын Досанова, Облыстық қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары:

Жалпы 145 науқас келіп тіркелді. Оның 98-і ауруханаға жатқызылды. 47 науқас амбулаторлық деңгейге жіберілді. Түркістан қаласына 31 науқас жатқызылды. Кентау қаласына 67 науқас. Оның ішінде 5 жүкті әйел мен 33 бала бар. Бәрінің жағдайы бүгінгі таңға орташа ауырлықта. Бүгін жағдайы жақсарған науқастар үйге шығарылуға жоспарлануда.

Айнұр Ақбаева  

Хабарламаларға жазылу