Австралияда толассыз жауған жаңбырдан елдімекендер мен қалаларды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда толассыз жауған жаңбырдан елдімекендер мен қалаларды су басты

10.10.2022

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэлс штатында толассыз жауған жаңбырдан өзендер тасып, елді мекендер мен қалаларды су басты. Елдің төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өткен түннің өзінде 343 адам көмек сұрап хабарласқан. Ал, Сиднейде кейбір тұрғындар дереу эвакуациялауды өтініпті. Қазір штат аумағындағы дамбалар да арнасынан асуға жақын. Сондықтан, жергілікті билік су басуы мүмкін көшелерде көлікпен жүрмеуді ескертіп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу