Толассыз жауған жаңбырдан Степногорск қаласынының көшелерін су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Толассыз жауған жаңбырдан Степногорск қаласынының көшелерін су басты

29.07.2022

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Степногорск қаласынының көшелерін су басты.

Тұрғындар түсірген бейнежазбадан жергілікті сауда орындарының біріне су кіріп кеткенін көруге болады. Оны ыдыспен сыртқа төкпек болған әрекеттен еш нәтиже шығатын түрі байқалмайды. Ал даладағы адамдар тобықтан шалшық кешіп жүр. Жауапты орындар қатты жауған жаңбыр суымен шайылған көшенің құмы суағараларды бітеп тастағаны айтады. Соның кесірінен су ағып кетіп үлгермей жатыр. Қазір жаңбыр басылған, коммуналдық сала қызметкерлері суағарларды тазалауға кірісті.

Сағындық Шабаров, Степногорск қаласы әкімінің орынбасары:

Таңғы сағат 5-тен 12-ге дейін 1 күнде  біздің қалаға жаңбыр жауып жатыр. Сондықтан қазіргі кезде құзырлы органдар жұмыс істеп отыр. Одан артық 7 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. 1 метрге дейін су көтерілген. қазір 20 см қалды. Бірақ мына жаңбыр ақпарат бойынша ертең кешке дейін жаңбыр тоқтамайды. Қазірге дейін әлі жауып жатыр. Ал Екібастұзда жаңбыр араласқан дүлей дауыл ағаштарды қурайша шайқап, үрей туғызды. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Алайда күшті жел ұзаққа созылмай, көп ұзамай тынған.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу