Қытайда толассыз жауған жауыннан бөгет жарылып, екі ауылды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда толассыз жауған жауыннан бөгет жарылып, екі ауылды су басты

11.07.2019

Қытайдың Хунань провинциясында толассыз жауған жауыннан бөгет жарылып, екі ауылды су басты. Апаттан кейін, 500-ден астам тұрғын дер кезінде эвакуацияланды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, үйлерді су басып, шамамен 109 гектардан астам егін алқаптарын топан жайлады. Дәл осындай жағдай Цзянцзюнь ауылында да болды. Өзен бөгеті шамадан тыс су деңгейіне төтеп бере алмай, қирады. Соның салдарынан, жақын маңдағы елді мекеннен 60-қа жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жергілікті биліктің хабарлауынша, Хэншань округінде сенбіден бастап жауған жаңбырдан 152 ауыл-аймақ зардап шегіп отыр. Апат салдарымен күресу үшін барлық күштер жұмылдырылды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу