Алматыда толассыз жауған жаңбырдан бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда толассыз жауған жаңбырдан бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басты

11.05.2022

Қалада нөсер жаңбыр жауып, көшелер мен аулаларды су басып қалды. Синоптиктердің сөзінше мұндай ауа райы әлі бірнеше күнге созылады.  

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Иә, табиғат тосын мінез танытты. Түске дейін аспан шайдай ашық болған. Әп-сәтте нөсер жауып, қала көшелерін толарсақтан су басты. Шаһарда дауылды ескерту жарияланып, әкімдік тарапынан тиісті шаралар қолға алынып, инерттік материалдар әзірленген. Мақсат су тасқынын болдырмау.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Көшелерде көлік кептелісі қалыптасып, қозғалыс қиындады. Қалалық құтқару қызметіне шаһардың кей аудандарында аулалар мен көпқабатты үйлердің жер төлелерін су басқаны жайлы хабар келіп түскен. Синоптиктердің сөзінше, мұндай ауа райы алдағы бірнеше күн бойы сақталады. Сондықтан арық жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары қолға алынып жатыр. 


Хабарламаларға жазылу