Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебіне – 50 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебіне – 50 жыл

03.12.2014
Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебіне – 50 жыл

Мерейтой аясында Қазақстанның Халық әртісі, академик Ахмет Жұбанов атындағы фортепиано мен халық аспаптар аталымдары бойынша халықаралық байқау ұйымдастырылды.

Мектепті 1964 жылы академик А.Жұбанов ашты. Сол тұста елдің түкпір-түкпірінен дарынды балалар жиналды.

Мемлекеттік тілде балаларға кәсіби музыкалық білім беріп, жарты ғасырда жас талантты хас талантқа айналдырды.

Бастапқыда 250 балаға арналған мектеп-интернатта қазір 460 бала оқиды. 300-ге тарта педагог жұмыс істейді.

 

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу