Музыкатану білімінің негізі қалаған тұлға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Музыкатану білімінің негізі қалаған тұлға

29.04.2015
Музыкатану білімінің негізі қалаған тұлға

Еңбек жолын қазақ өнері мен мәдениетін қалыптасуы, дамуына арнаған композитор соңына мол мұра қалдырды. Ұлттық саз аспаптарын жетілдіру жолында Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің негізін қалаған азаматтың дүниелері ел арасында кеңінен насихатталады.

Тарихы бір ғасырға жуықтап қалған ұжым, бүгінге дейін өз биігінен түспей келеді. ахмет Қуанұлы халық күйлерін оркестрге лайықтап, қазақ музыкасын күрделі шығармалармен байытты.

«Қазақтың қара домбырасы мен қобызының керемет музыка шығаруы – шетелдіктер үшін жаңалық. Олар екі шектен осындай дыбыс шығатынына таң қалады»,-дейді Құрманғазы оркестрінің дирижері Арман Жүдебаев.

Оркестрдің құрылу тарихы да қызық. Бір күні домбырашы-сынаушы Махамбет  Бөкейханов, домбыра шебері Мануил Романенко және Ахмет Жұбанов қолдарына жаңа жасалған домбыраның бір данасын алып, Темірбек Жүргеновке барады. Бірақ, аспаптың үні бұрынғысынан өзгеше болады. Ол кісі қуанып, жастарға батасын беріп, «іздене беріңдер», деп қолдау көрсетеді.

Техникумның алдағы бір концертінде Ахмет Жұбанов бастаған домбырашылар шығармашылық кеш береді.  Осылай Құрманғазы атындағы оркестр дүниеге келді.

Ахмет Жұбанов қазақтың ән өнеріне өзіндік өрнегін қосумен қатар, біраз кинотуындыларға белгілі композиторлармен бірігіп, ән жазған. Солардың бірі – қазақ кино тарихындағы тұңғыш дыбысты көркем фильм – «Амангелді».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу