Жұбанов мектебі 55 жылдық мерейтойын атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұбанов мектебі 55 жылдық мерейтойын атап өтті

22.11.2019

Алматыда Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатының ашылғанына биыл 55 жыл толды. Атаулы датаға орай білім орнының жас таланттары өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті.

1964 жылы қазақ өнерінің қайраткері, академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен іргесі қаланған мектеп алғашында 250 балаға арналып салынған. Ал қазір мұнда 500-ге жуық шәкірт білім алады. 300-ден астам педагог жұмыс істейді. 

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу