Бүгін - ұлттық музыка өнерінің негізін салушы Ахмет Жұбановтың туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - ұлттық музыка өнерінің негізін салушы Ахмет Жұбановтың туған күні (ВИДЕО)

29.04.2016
Бүгін - ұлттық музыка өнерінің негізін салушы Ахмет Жұбановтың туған күні (ВИДЕО)

29 сәуір -   музыка зерттеу ғылымының негізін салушы Ахмет Жұбановтың дүниеге келген күні. Еңбек жолын қазақ өнері мен мәдениетінің қалыптасуына арнаған композитордың мол мұрасы елмен бірге жасап келеді.

Ол алғаш болып Құрманғазы атындағы  ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалады. Тарихы тереңде жатқан ұжым бүгінге дейін өз биігінен түспей келеді.

Ахмет Жұбанов қазақтың ән өнеріне өзіндік өрнегін қосумен қатар, бірқатар кинотуындыларға белгілі сазгерлермен бірлесіп, ән жазып  үлгерді. Солардың бірі - қазақ киносы тарихындағы тұңғыш дыбыстық «Амангелді» көркем фильмі.  

Ахмет Жұбановтың мұрындық болуымен 40-шы жылдары ұйымдастырылған ғылыми экспедиция 80-ші жылдарға дейін еліміздің түкпір-түкпірінен 10 мыңдай ән-күй нұсқаларын жинаған. Сонымен қатар, қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін жинақтап, шығармаларын нотаға түсіріп, халықтың рухнаи игілігіне айналдырды.

Ұлттық ән өнерінде есімі айрықша аталатын тұлғаның шығармашылық жолы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.

Хабарламаларға жазылу