Ақтөбе облысында өрттен 4 адам зардап шекті
Ақтөбе облысының Хромтау қаласында болған өрттен 4 адам зардап шекті. Оқиға өткен түні, сағат бірлер шамасында болған. Қызыл жалын алдымен жер үйлердің біріне тиесілі сарайды шарпыған. Одан соң жапсарлас тұрған гаражға өткен. Салдарынан сол маңдағы жеңіл көліктің түгі қалмай жанып кетті. Оның газ қондырғысы болған. Абырой болғанда, ол жарылған жоқ. Өкінішке орай, үй иесі мен ұлы және жазғы сарайды жалдап тұрып жатқан екі адам күйік шалып ауруханаға түсті. Бәрінің де жағдайы ауыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сыр өңірінде «Тұран» сыйлығы табысталды
25.05.2026, 17:22
Халықаралық олимпиадаларда әрбір екінші оқушы жүлделі болды
25.05.2026, 17:20
Қармақшы ауданы ауылдарына газ тартыла бастады
25.05.2026, 17:17
Ақтөбеде мыс өнімдерін шығаратын зауыт салынады
25.05.2026, 17:15
Жол сапасын ЖИ-мен тексере бастады
25.05.2026, 17:13
Қазақстан – Ресей: Транзиттік әлеует артып келеді
25.05.2026, 17:10
Тегеран мен Вашингтон жуық арада бейбіт келісімге келмейді
25.05.2026, 17:07
Мұнай 4 пайызға арзандады
25.05.2026, 17:05