Елімізде суармалы егіншілікті дамытудың деңгейі төмен
Елімізде суармалы егіншілікті дамытудың деңгейі төмен. Сенатор Рысқали Әбдікеров Үкімет басшысына сауал жолдап, саладағы проблемаларды тізіп шықты. Депутаттың айтуынша, өткен ғасырдың 90-шы жылдары әлемде баламасы болмаған Қаныш Сәтпаев атындағы канал аумағындағы суармалы егістік алқабы 80 мың гектар болған. Қазір оның тек 13 мың гектары ғана қалған. Қолда бар мүмкіндіктің 10 пайызын ғана кәдеге жаратып отырмыз. Елдің оңтүстігінде шаруалар суға зәру. Ал орталық аймақтарда тіршілік нәрі бар, бірақ толық пайдаланбай отырмыз - деді сенатор. Ол Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың қуатын толық пайдалануды және Қарағанды облысындағы суармалы жерлерді қалпына келтіруді ұсынды.
Рысқали Әбдікеров, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
Шағын фермерлерге су үнемдеу технологияларын сатып алуға және құрылысқа берілетін субсидия көлемін 50 пайыздың орнына 80 пайызға дейін ұлғайтуды, жеміс-көкөніс өнімдерін сақтайтын арнайы қойма салуға кәсіпкерлерді ынталандыру үшін инвестициялық субсидия мен жеңілдетілген несие беруді, су мамандарына ерекше еңбек жағдайын жасап, ауылдық жерде жұмыс істегені үшін қосымша үстемеақылар қарастыруды, сондай-ақ олардың дайындығы мен тәжірибелерін арттырудысұраймын.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18