Елімізде интернет алаяқтығының саны күрт өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде интернет алаяқтығының саны күрт өскен

27.09.2022

Елде интернет алаяқтығы бойынша қылмыс дерегі күрт өскен. 2018 жылы 4 мың қылмыс тіркелсе, биылдың 9 айында 15 мыңға дейін жетіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты. Салдарынан жыл сайын 10 миллиард теңге залал келеді. Бұл аздай құқық бұзушылықтар саны былтырмен салыстырғанда 2%-ға өскен. Жыл басталғалы 122 мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліпті. Сондай-ақ өткен 9 айдың ішінде 6 миллион әкімшілік бұзушылық анықталған. Оның 4,8 млн-нан астамы – жол ережесін бұзу. Оның ішінде 17,5 мың жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген. Жалпы 20 мың жүргізуші басқару құқығынан айырылса, 16 мың адам әкімшілік қамауға алынған. Бұдан бөлек, астыртын жұмыс істеп келген екі майнинг фермасы анықталды.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
Алматы облысында екі майнинг фермасын құрған, бұрын сотты болған қылмыскерлер тобы әшкереленді. Жалпы 20 адам ұсталды. Құны 7 миллион АҚШ долларын құрайтын жабдықтар, қару-жарақтар тәркіленді. Олардың ай сайынғы заңсыз табысы – 500 мың доллар.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу