Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
Қазақстанның әуе кеңістігі кеңейіп келеді. Бұған дейін 25 елмен тікелей байланыс болды. Қазір бұл көрсеткіш 32 елге жетті. Ал халықаралық әуе бағыттарының саны 74-тен 161-ге артты. Яғни бірден екі есе көбейді. Авиациялық қауіпсіздік те күшейген. Қазақстанның «ICAO» стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7 пайызға жеткен. Енді әуежайлар жаңарады. 2029 жылға дейін Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Орал және Жезқазғанда ұшу-қону жолақтарын салу және реконструкциялау, сондай-ақ еліміздегі ірі әуежайлардың терминалдарын жаңғырту көзделген. Яғни, Қазақстанның әуе картасы да, әуежай инфрақұрылымы да қатар кеңейіп жатыр. Жыл соңына дейін Зайсан, Қатонқарағай және Кендірліде жаңа әуежайлардың құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы