Кәсіптік біліктілікті арттыру тетіктері қаралды
Ресми жұмыс істеп жүрген барлық сала қызметкерлеріне кәсіптік біліктілігін арттыруға мүмкіндік беріледі. Заң жобасы бүгін Мәжіліс қабырғасында таныстырылды. Қазір бір дипломмен өмір бойы қызмет ету үрдісі келмеске кетіп бара жатыр. Жұмыс күшіне талап көп. Кәсіпті үнемі жетілдіру керек. Біліктілікті арттыру маңызды. Заң жобасының мақсаты да сол. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жұмыс сапасы артады. Заң аясында кәсіптік біліктілік жөнінде ұлттық орган құрылмақ. Ол біліктілікті жетілдіру бойынша әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсетеді. Әзірге қанша қызметкер сертификаттаудан өтетіні белгісіз. Тізімді мемлекеттік орган жанынан құрылған кеңес мүшелері жасақтайды.
Олжас Ордабаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
Әрбір мемлекеттік органның қасында кеңестер ашылады. Кеңестердің ішінде жұмыс берушілер кіреді. Сарапшылар кіреді. Олардың бәрі осы ұсыныстарды беріп, біздің тізімге әрбір кәсіпті, мамандықты кіргізеді. Әрбір мамандықта стандарттар әртүрлі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44