Украина тұтқындағы 215 адамын қайтарып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина тұтқындағы 215 адамын қайтарып алды

22.09.2022

Украина Ресейге мәскеушіл саясаткер Виктор Медведчук пен 55 тұтқынды қайтарып, өзінің 215 адамын босатып алды. Солардың ішінде Мариупольді апталар бойы жанкештілікпен қорғаған «Азов» батальонының командирі мен оның орынбасары және 108 жауынгері бар. Бұған қоса, шетелдік 10 азамат пен Украина армиясының 124 офифері де үйіне оралып жатыр.

Осыған байланысты Президент Владимир Зеленский мәлімдеме жасап, украиналықтардың босатылуын бүкіл ел тойлауға тұрарлық оқиға деп атап өтті.


Хабарламаларға жазылу