Украина армиясы бірнеше ауылды азат етті
Украина армиясы Харковь түбінде қарымта шабуылға кірісіп, бірнеше ауылды қайтарып алды. Осылайша, украиналық жауынгерлер қарулы қақтығыстың қарқынын өзгертіп, Ресей әскеріне жауап бере бастады. Айта кетсек, ресейліктер қақтығыстар басталғалы Харковь маңындағы бірнеше елді мекенді жаулап алған. Енді олар солардан бірте-бірте айрыла бастады. Ал, Украина күштері қазір оккупацияланған территорияларды азат етіп қана қоймай, Ресей шекарасына жақындап қалған. Мәскеу болса, ресейліктердің Луганск облысындағы Попазная қаласын басып алып, «Змейная» аралы үшін ұрыста Украина әскерін үлкен шығынға ұшыратқанын хабарлады.
АҚШ Ұлттық барлау агенттігінің директоры Аврил Хейнс президент Владимир Путиннің Украинада ұзақ шайқасқа әзірленіп жатыр деп есептейді. Бірақ, оның пікірінше, «Кремль басшысы Донбасстан тыс жерлерде де мақсаттарға жетуге ниетті. Бірақ, оның амбициясына Ресейдің қазіргі әскери әлеуеті сәйкес келмейді». Айта кетсек, соңғы кездері Ресей әскері Украинаның шығысында да тұралап, ілгерілей алмай отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем жаңалықтарына шолу
14.07.2026, 20:13
Франция мен Испания финал жолдамасы үшін таласады
14.07.2026, 20:13
Есік көлінің маңы қоқыстан тазартылды
14.07.2026, 20:13
Саясаткерлер мен партияларға бөлінетін қаржы қатаң бақыланады
14.07.2026, 20:12
Халықтық Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
14.07.2026, 20:11
Саясаттанушы: Құрылтай – үлкен саясат алаңы
14.07.2026, 20:10
Заңгер, қоғам қайраткері Сабыр Қасымовтың 75 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті
14.07.2026, 20:09
Құрылтай депутаттығына 546 үміткер ұсынылды
14.07.2026, 20:09