Жаңа Зеландияда 51 кит су жағасына шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда 51 кит су жағасына шығып қалды

30.11.2018

Жаңа Зеландияның Чатем аралында 80-ге жуық кит жағаға шығып қалды. Олардың 50-ден астамы жантәсілім етті. Бұл турасында жергілікті қоршаған ортаны қорғау қызметі хабарлап отыр. Кейбір киттер өз бетінше суға жетіп аман қалған. 

Естеріңізге салсақ, таяуда ғана дәл осылай Стьюарт аралында 145 дельфин су жағасына шығып қалып, өліп кеткен. Бұған дейін 12 кашалот жантәсілім еткен. Жаңа Зеландияда мұндай жағдай жиі кездеседі. Әдетте жылына шамамен 80-нен астам жағдай тіркеледі. Мамандардың сөзінше, теңіз жануарларының жаппай қырылуына түрлі індеттер себеп болуы мүмкін.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу