Австралияда 400-ден астам кит жағаға шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда 400-ден астам кит жағаға шығып қалды

23.09.2020

Австралияда 470 кит су жағасына шығып қалды. Олар Тасмания штатында табылды. Дүйсенбіден бері алып жанаурлардың 25-і құтқарылып, тоқсаны өліп қалған. Жұмысшылар, балықшылар, еріктілер бүгін олардың тағы бірталайын ашық теңізге қайтарудан үмітті. 

Пилот-киттердің неліктен жағалауда тұралап қалатыны әзірге белгісіз. Бірақ кейбір ғалымдардың ойынша, олар шаршағандықтан бағытын жоғалтады немесе азық іздеп, өзгелерді соңына ертіп, су шетіне шығып, батпаққа батып, кері қайта алмай қалуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу