Шотландияда 50-ден аса кит қырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шотландияда 50-ден аса кит қырылып қалды

17.07.2023

Шотландияда 50-ден аса кит қырылып қалды. Тағы он шақтысы жағалауға шығып қалған. Құтқарушылар оларды суға қайта жіберуге тырысып жатыр. Ұшқыш киттердің теңізден не себепті шығып қалғаны белгісіз. Ғалымдардың сөзінше, олардың арасындағы байланыс жақын әрі берік болады. Сол себепті біреуі қиындыққа тап болса немесе жағалауға шығып қалса, өзгелері де соның артынан барады екен. Қазір бұл оқиғаның мән-жайын тиісті мамандар зерттеуге кірісті.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу